Жаңалықтар

«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық сайысының жеңімпаздары марапатталды

Шымкент қаласында екі күнге созылған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сайысы өз мәресіне жетіп, сайыс жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Биылғы сайысқа қаланың орта және арнаулы оқу орындарынан 20 команда қатысып, арнайы дайындалған әскери бағыттағы жаттығулар бойынша бақтарын сынады.

Сайыс барысында қатысушылар:

• белтемірге тартылу;

• арқаға жатып дене көтеру;

• АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау;

• саптық дайындық;

• газқағарды уақытқа кию;

• кедергілер жолағынан өту;

• викториналық сұрақтарға жауап беру

• сияқты кезеңдерден өтіп, өз шеберліктері мен дайындығын көрсетті.

Жарыс аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысушыларға қауіпсіздік бойынша арнайы сабақ өткізіп, өмірлік маңызы бар кеңестермен бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар Шымкент қаласы Қарулы күштері Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Ербол Отарбаев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова және «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жансерік Жұман сынды құрметті қонақтармен еркін форматта кездесті.

Кездесу барысында ардагер әскери қызметкерлер жас буынға өздерінің өмірлік жолдары, әскери тәжірибесі, Отанға адал қызмет етудің маңызы жөнінде тағылымды әңгімелер өрбітті. Ал жастар ұйымдарының жетекшілері қазіргі жастар саясаты, жаңа жобалар мен патриоттық бағыттағы бастамалар туралы ақпарат берді.

Сайыс жеңімпаздары:

I орын – Болашақ колледжі

II орын – Жол-көлік колледжі

III орын – Қазақстан жоғары медициналық колледжі

Жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Ал барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хаттар ұсынылды.

БІРІ- ТАРИХИ ТІРЕК, БІРІ — АДАМДЫҚ БАҒДАР

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *