Жаңалықтар

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

​Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті.

ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгеруші Марат Әзілхановтың жетекшілігімен өткен телекөпірде жыл ішінде атқарылған ауқымды жұмыстар мен іске асқан жобалар сараланып, алдағы межелі мақсат-міндеттер айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» ұйымдастырылған телекөпірге барлық өңірлер қосылды. Елдің ішкі бірлігін бекемдеу, этносаралық татулықты тұғырынан түсірмеу жолындағы кешенді жобалар мен іске асқан мазмұнды іс-шаралар талқыланған қорытынды форумда ҚХА құрылымдарының жетекшілері сөз сөйледі. Ал атаулы жылы өңірлерде ассамблея жобалары, ассамблея жастары, қайырымдылық, этномедиация сынды түрлі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды.

Телекөпірге қалалық ішкі саясат басқармасының басшылығы, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Айта кетейік, мерейтойлық жыл аясында Шымкентте қалалық ассамблеяның ұйытқы болуымен 334 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Қалалық ассамблея жанындағы Этномедиация кеңесінің бастамасымен «Құқық қорғау және татуласу орталығы», Достық үйінен комьюнити орталығы ашылды. Этномұражай жаңғыртудан өтті.

Қайырымдылық бағытта әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 1400 отбасыға көмек ұсынылды. Түрлі форматта өткізілген іс-шаралар мен жобалар жайлы БАҚ пен әлеуметтік желіде 4 мыңнан астам материал жарияланды.

Межеленген жоспарлы жұмысты атқаруға қала әкімдігінің, салалық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің, «Қоғамдық келісім» мекемесі мен қалалық этномәдени бірлестіктердің, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың, жоғары оқу орындары мен колледждердің және БАҚ-тың әлеуеті жұмылдырылды.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *