Жаңалықтар

«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ӨЗІМНЕН БАСТАЙМЫН» АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

✔️Сауран ауданында Заң мен тәртіп қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған «Жемқорлыққа қарсы күресті өзімнен бастаймын» атты эссе байқауының қорытынды рәсімі өтті. Іс-шара Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Сергали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
✔️Байқаудың негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, әділдік және жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар эссе арқылы өз ұстанымдарын, ой-толғамдарын және қоғамға пайдалы ұсыныстарын ортаға салды.
✔️Шараның ашылуында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің м.у.а. М. Қалеке сөз сөйлеп, байқаудың маңыздылығына тоқталды. Ол жемқорлыққа қарсы әрекет әрбір мемлекеттік қызметкердің өзінен басталатынын, адал қызмет ету – қоғам дамуына қосылған елеулі үлес екенін атап өтті.
✔️Байқауға ауданның түрлі мемлекеттік мекемелерінен қызметкерлер қатысып, шынайы өмірден алынған мысалдар мен азаматтық ойларын эссе түрінде ұсынды. Жұмыстар мазмұндылығы, кәсіби көзқарасы, ұсыныстардың нақтылығы бойынша бағаланды. Эсселерді бағалау үшін арнайы қазылар алқасы құрылды. Оның құрамында Сауран аудандық әжелер алқасының төрайымы Б. Киякова, Сауран аудандық аналар кеңесінің төрайымы Н. Жуманова, сондай-ақ аналар кеңесінің мүшесі М. Жусупова болды.
✔️Бағалау нәтижесінде байқаудың үздік қатысушылары анықталды. Бірінші орынға мазмұны терең, ой-толғамы нақты әрі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарымен ерекшеленген Сайлау Жанболат лайық деп танылды. Екінші орынды өз көзқарасын ашық жеткізіп, мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын жан-жақты сипаттай білген Исаева Сағыныш иеленді. Ал үшінші орынға азаматтық ұстанымы мен кәсіби жауапкершілікті көрсетуге бағытталған мазмұнды эссесі үшін Абдешов Мағжан ие болды. Жеңімпаздарға Сауран ауданы әкімінің алғыс хаттары мен қаржылай сыйақылар табысталып, олардың еңбектері лайықты түрде бағаланды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

САУРАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА «АДАЛ КӨШБАСШЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *