Қаладағы жетекші өндірістік жобалардың бірі – «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан «Tectum Engineering» зауыты. Кәсіпорын шифер және автоклавты газобетон өнімдерін шығара отырып, отандық құрылыс материалдары нарығында жоғары сапамен ерекшеленеді.
Зауыттың өндірістік үдерістері толықтай заманауи технологиялармен жабдықталған, бұл ішкі нарықтағы құрылыс материалдарына деген тұрақты сұранысты уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кәсіпорын өндіріс көлемін жүйелі түрде ұлғайтып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосуда. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуын жақсартуға оң әсерін тигізіп отыр.
«Tectum Engineering» – өңір экономикасын нығайтуға бағытталған табысты әрі маңызды өндірістік бастамалардың бірі.













Comments