Жаңалықтар

СЕКТОРЛАРДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен Шауғар, Яссы және Бірлік секторларындағы өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстарды талқылауға арналған жиын өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, сектор жетекшілері, бөлім басшылары және жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қала басшысының тұрғындармен кездесуі кезінде айтылған өтініштер мен ұсыныстардың орындалу барысы жан-жақты қаралды.

Сондай-ақ, қалалық инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, санитарлық тазалық, жол сапасын арттыру, көшелерді жарықтандыру, су және кәріз жүйелерін жақсарту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша мәселелер талқыланды.

Шауғар секторында биыл 22 бейнебақылау камерасы орнатылған. Ал Бірлік секторында қоршаған ортаны ластау фактісімен 578 айыппұл рәсімделіп, оның 53-і бойынша ескерту жасалса, Яссы секторында тазалық және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері бойынша 1205 айыппұл тіркеліп, 70 азаматқа ескерту берілген.

Жиында қала басшысы сектор жетекшілеріне әрбір мәселені нақты мерзіммен шешуді, тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатуды, жол, жарық, су және кәріз жүйелеріне қатысты жобалық-сметалық құжаттарды жедел әзірлеуді тапсырды.

«ҚАРТТАРЫМ – ҚОҢЫР ҚАЗЫНАМ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 10 ГЕКТАР АУМАҚТА ТҰҚЫМБАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *