«AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының ұйымдастырылуымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберген Қуатәліұлының қатысуымен гуманитарлық колледж студенттерінің арасында «Қарттарым – қоңыр қазынам» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара аясында ардагерлер мен жастар арасында ашық диалог жүргізіліп, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенді құрметтеу, ұлттық құндылықтарды сақтап, дамыту мәселелері талқыланды. Ардагерлер өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге рухани бағыт-бағдар берді.













Comments