Жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АУЛАЛАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі таңда аудан аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында жолдарды жөндеу, жамау және асфальт төсеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жол сапасын жақсарту және аулалардың жалпы көркін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары да белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар аулалардағы су мәселелерін шешуге, жауын-шашын кезінде су жиналып қалмауын алдын алуға және абаттандыру жобаларын толық іске асыруға бағытталған.

Барлық атқарылып жатқан жұмыстар «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жоспарға сәйкес жүргізілуде және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *