Жаңалықтар

«АДАЛ АЗАМАТ»: ЖАСТАРДЫ ТЕРІС ДІНИ ЫҚПАЛДАН САҚТАНДЫРУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында «Адал азамат: шет елдегі білім, күмәнді теологиялық оқу орындары және жат діни ағымдардың қаупі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Бұл жиынның мақсаты жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, діни сананы нығайту және рухани тұрақтылықты арттыру болды.

Жиынға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, теологтар мен дінтанушылар қатысып, жастармен ашық сұхбат өткізді.

Кездесу барысында мамандар жастарға шетелде діни білім алу кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін, күмәнді теологиялық оқу орындарының ықтимал зардаптарын, деструктивті діни ағымдардың белгілерін және әлеуметтік желілер арқылы таралатын радикалды идеялардың алдын алу жолдарын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар қатысушыларға «Әмірдің ақыры», «Адастырған “Ақиқат”» атты деректі фильмдер мен «Жат ағымның қаупі қандай?», «Онлайн медресе – кімнің ордасы?» атты бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараға екі кезеңде 1400 студент қатысып, мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Бағдарлама үш күнге жоспарланып, 5-7 қараша аралығында қаладағы 9 жоғары оқу орны мен 16 колледждің студенттері мен оқушылары қамтылады. Бұдан бөлек, 18 жекеменшік мектепте де түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Адал азамат: жат діни ағымдардың қаупі және мектеп ережелерін сақтау» тақырыбында кездесулер өтеді.

Шымкент қаласында өткен ақпараттық-түсіндіру шарасы жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл іс-шараның мақсаты – жастарды діни білім мен тәрбие алу кезінде дұрыс таңдау жасауға бағыттау, күмәнді оқу орындарының қауіптілігі мен әлеуметтік желілер арқылы таралатын радикалды идеологиялардың зиянын түсіндіру. Сонымен қатар, түрлі медиа құралдары мен деректі фильмдер арқылы жастарға жат ағымдардың қауіптілігі мен қоғамға әсерін көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.

МӘМС: Студенттер мен ұстаздардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДА ЖЫЛУ ТОЛЫҚ ҚОСЫЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *