ЖаңалықтарЖастар саясаты

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ»: ЖАҢА ИДЕЯЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Жастар ресурстық орталығында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Үздік жобалар байқауы белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға, жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауға бағытталған.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Оспан жеңімпаздарды құттықтап, жобаға жылдан жылға қызығушылық артып келе жатқанын айтты.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауында биыл 6 жеңімпаз анықталып, әрқайсысы 1 000 000 теңгеден иеленді. Байқауға барлығы 84 азамат қатысып, өз жобалары мен идеяларын ұсынды. Байқау Мәдениет, Ақпараттық технологиялар, Медиа, Ғылым, Волонтерлік және Бизнес бағыттары бойынша өтті.

Азаматтық ұстанымы белсенді жастар барда еліміз одан әрі дами түсетініне сенім мол. Жастар — ел болашағы.

Айта кетсек, жобаның басты мақсаты тәуелсіз еліміздің жас буынын қолдау, олардың шығармашылық, ғылыми және әлеуметтік әлеуетін дамыту, сондай-ақ, жастардың қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік жасау. Жастардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға серпін беріп, елдің дамуына үлес қосатын жас көшбасшыларды анықтау.

Жобаның нәтижесінде жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалардың саны артты, олар қоғамда өз орнын табуда. Бұл байқау жастарды қоғамдық өмірге тартуға мүмкіндік беріп, олардың идеяларын іске асыруға қажетті қолдау көрсететін түрлі алаңдар қалыптастырады.

Мұндай жобалар жастардың бойында жаңашылдық пен жауапкершілікке деген ұмтылыс тудырып, ел дамуына үлес қосуға ынталандырады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» сияқты бастамалар жас буынның әлеуетін толық ашып, олардың қоғамдағы рөлін анықтауға көмектеседі, осылайша елдің келешегіне зор серпін береді.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЕМХАНАЛАР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *