«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
Іс-шараға барлық салалық ведомстволардың бірінші басшылары, адвокаттар, заңгерлер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Акция үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды — шара барысында 1000-нан астам қала тұрғыны отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңес алды.
Азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде атап өтті:
«Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады!»
Сондықтан бүгін осында барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері әр азаматқа тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсету үшін бір алаңда жиналып отыр».
Акцияның маңызды ерекшелігі – бұл тұрғындар мен заңгерлер арасындағы тікелей қарым-қатынасты орнатып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудағы тиімділік. Жаңа заңдарды, өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, сондай-ақ әртүрлі заң салаларында туындайтын мәселелер бойынша кеңес беру осы шараның басты мақсаттарының бірі болды. Осылайша, қоғамдық тәртіп пен заңды қорғау мәселелері жан-жақты талқыланып, көпшілікке қажетті ақпарат берілді.
Мұндай акциялар арқылы тұрғындар өздерінің заңды құқықтарын түсініп, қажет болған жағдайда уақытылы көмек алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл шараның келешекте де өтетіндігі азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, заңға деген құрметті нығайтуға үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бұл бастама құқық қорғаушы органдар мен азаматтық қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
«Халық заңгері» акциясы өз жұмысын жалғастырып, әрбір азаматқа кәсіби көмек пен өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін ұсынатын болады.













Comments