Қоғам

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Орталық Азия Инновациялық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында студент жастарға арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру болды.

Кездесуге Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Мақсат Көшербаев, Тұран аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының капитаны Серікболсын Құрманбеков, Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Шыңғысхан Мошқалов, сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Аружан Әлжан қатысты.

Басқосу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлерін, олардың туындау себептерін және алдын алу тетіктерін талқылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау мәселелері де назардан тыс қалмады.

– Заңды білу – өз өміріңе, болашағыңа жауапкершілікпен қараудың көрінісі. Қазір ақпарат көп, бірақ бәрі дұрыс емес. Әр адам қандай әрекеттің заң бұзушылық екенін нақты түсініп, өз ісіне есеп беруі керек. Бұл – құқықтық мәдениеттің негізі, – деді Мақсат Көшербаев өз сөзінде. Сондай-ақ, жастарды құқықтық жауапкершілікті терең түсінуге шақырды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауап алды. Қатысушылар қоғамдағы тәртіп пен әділдікті сақтауда әр азаматтың рөлі зор екенін атап өтті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жастарға құқықтық кеңес пен ақпараттық материалдар ұсынды. Кездесуден ерекше әсер алған студенттер мұндай кездесулердің жиі өткізіліп тұруы жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыра түсетініне сенім білдірді.

Бұл кездесу жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және заң алдындағы жауапкершілікті терең түсінуге үлкен мүмкіндік туғызды. Шара барысында қатысушылар заңды білу мен оны дұрыс қолданудың маңыздылығын тағы да бір рет ұғынды. Осындай іс-шаралар болашақта жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамның тәртіп пен әділдікке негізделген даму жолына қосымша серпін береді.

Құқықтық мәдениетке бағытталған кездесулердің жастар арасында үлкен маңызы бар екені анық. Студенттер бұл іс-шараның өздеріне көптеген пайдалы ақпарат бергенін және олардың өмірінде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Жастарға құқықтық тәртіпті қалыптастыру мақсатында осындай кездесу және тренингтердің жалғасы ретінде басқа да көптеген іс-шараларды өткізу қажет.

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Алдыңғы

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы азаматтарды жеке қабылдады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *