Жаңалықтар

МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҚАМТЫЛУ ДЕҢГЕЙІ АРТУДА

Шымкент қаласында мобильді интернет пен байланыс сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағында бүгінде мобильді байланыс операторларының 1740 базалық станциясы қызмет көрсетіп отыр. Оның ішінде «Кселл» АҚ – 784, «Кар-Тел» ЖШС – 506 және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 450 станция иелігінде.

2023 жылы жүргізілген талдау қорытындысына сәйкес, қала аумағында байланыс сапасы төмен 147 нүкте анықталған болатын («Кселл» – 53, «Кар-Тел» – 33, «Мобайл Телеком-Сервис» – 41). Осы кемшіліктерді жою мақсатында арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарлы жұмыстар атқарылды. Соңғы үш жыл ішінде 295 жаңа базалық станция («Кселл» – 215, «Кар-Тел» – 80) іске қосылып, 398 станцияда жаңғырту жұмыстары жүргізілді («Кселл» – 246, «Кар-Тел» – 144, «Мобайл Телеком-Сервис» .

Сонымен қатар, заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде 361 базалық станция бүгінде 5G жиілігінде жұмыс істеуде. Бұл шаралар байланыс сапасы төмен аймақтар санын 11 нүктеге дейін азайтуға мүмкіндік берді («Кселл» – 6, «Кар-Тел» – 5).

Қазіргі таңда операторлар тарапынан базалық станцияларды орнату мерзімін қысқарту мақсатында жаңа антенна-мачталық құрылғыларды (18) және қос мақсатты тіректерді (1) орнату жұмыстары қолға алынған. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын жоғары жылдамдықты әрі тұрақты мобильді интернетпен толық қамтуға жол ашады.

Шымкент қаласында мобильді интернет желісінің дамуы тұрғындардың сандық қызметтерге деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Осы жобалардың нәтижесінде қала тұрғындарына жоғары жылдамдықты интернет қызметі ұсынылып, заманауи байланыс технологиялары енгізілуде. Бұл қадамдар қала экономикасы мен кәсіпкерлік саласына да әсер етіп, онлайн қызметтер мен электронды коммерцияның дамуына ықпал етуде.

Базалық станцияларды жаңарту мен жаңа технологиялардың енгізілуі арқасында, интернет байланысының сапасы мен қолжетімділігі айтарлықтай жақсарып келеді. Бұл өз кезегінде білім беру, денсаулық сақтау және басқа да маңызды салаларда жұмыс істейтін тұрғындарға тиімді және тұрақты байланыс қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Ал, 5G желісіне қосылу болашақта қаладағы сандық қызметтердің сапасын тағы да арттырады.

Қаладағы мобильді интернеттің сапасы мен желінің тұрақтылығының жақсаруы тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, қаланы цифрлық тұрғыдан дамытуға үлкен ықпал етеді. Мұндай жұмыстар қаланың инфрақұрылымын жаңғыртып, Шымкентті цифрлық даму тұрғысынан тағы бір қадам алға жылжытады.

 

МАЛ БАЗАРЫНДАҒЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *