ДенсаулықЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Шымкент қаласында медицина саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін көтеру және тәжірибесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Заманауи оқу-әдістемелік, симуляциялық және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген жетекші шетелдік клиникалар мен оқу орталықтарында ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне жоғары білікті мамандардың тұрақты келуін қамтамасыз етуде.

2023 жылы бұл мақсатқа 183,1 млн теңге қаржы бөлініп, 48 дәрігер қайта даярлаудан өтті. Оның ішінде Израильде – 16, Түркия Республикасында – 32 маман оқыды. 2024 жылы оқытуға 201,9 млн теңге бағытталып, барлығы 165 дәрігер біліктілігін арттырды. Олардың қатарында Ресей Федерациясында тәжірибе жинаған 45 маман және Ресейден шақырылған тәлімгерлер өткізген шеберлік сабақтарына қатысқан 120 маман бар.

2025 жылы медициналық кадрлардың кәсіби даярлығын жетілдіруге 381,9 млн теңге қарастырылып, 374 маманды оқыту жоспарланған. Оның ішінде шетелдік тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Ресейде – 19, Беларусь Республикасында – 2, Литва Республикасында – 33 маман білім алады. Сонымен қатар, шетелдік тәлімгерлердің қатысуымен өтетін оқыту курстары арқылы Ресейден – 250, Беларусьтен – 40 және Литвадан – 30 маман жергілікті дәрігерлермен тәжірибе бөліседі.

Бұл шаралар медициналық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи білім беру технологияларын денсаулық сақтау саласына енгізуге және Шымкент тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласында көше жарықтандыру жүйесін дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба қала көшелерін толық жарықтандырып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруды көздейді. Жақында орнатылған жарық шамдары мен алдағы уақытта орнатылатын қосымша шамдар қала инфрақұрылымын жетілдірудің маңызды қадамы болып табылады.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы да жаңартылып, қала тұрғындары үшін тиімді әрі қолайлы қатынастар қамтамасыз етілуде. Бұл шаралар қаланың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған.

 

ҚАЛАМЫЗДЫҢ КӨШЕЛЕРІ ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Алдыңғы

ҚАЛАДА КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *