Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласында Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Отырыста Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев, Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов, Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Төлебаев және Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов баяндама жасады.

Тұрғын үй басқармасының өкілі Көпжан Төлебаев қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны әлі де жоғары. Соған қарамастан, соңғы жылдары жалдамалы және несиелік пәтерлер беру ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

«Биыл мыңға жуық отбасыға арендалық тұрғын үй кілті табысталды. Көпбалалы, аз қамтылған және жетім балалар санатындағы азаматтарға басымдық беріліп жатыр. Келесі жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», деді ол.

Сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу ақысының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы арқылы көптеген отбасыға көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Мониторинг нәтижесінде заңсыз пайдаланылған пәтерлер анықталып, тиісті шаралар қабылданған. Қалада жастарға арналған жалдамалы пәтер беру бағдарламасы да тұрақты жүзеге асырылып келеді. 2020 жылдан бері мыңдаған жас баспаналы болған. Сонымен қатар, «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында тұрғын үй алуға жеңілдетілген несие беріледі. «Мемлекет тарапынан азаматтарға бастапқы жарна төлеу үшін тұрғын үй сертификаттары ұсынылады. Бұл әсіресе жас отбасылар мен әлеуметтік әлсіз топтар үшін үлкен көмек», деді ол.

Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен инфрақұрылымдық жобалары жайлы баяндады.

Қоғамдық кеңестің отырысы қала тұрғындары үшін маңызды мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында нақты шаралар қабылданып, қаладағы мәселелерді тиімді шешу мақсатында жұмыстар жалғасын табады. Сонымен қатар, жаңа жобалар мен бастамалар тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етеді.

Бұл отырыс қала мен аудан деңгейіндегі басқармалар арасында тығыз байланыс орнатуға және тұрғындар мүддесіне бағытталған шараларды тиімді жүзеге асыруға негіз болады. Қоғамдық кеңес өз ұсыныстарын жүзеге асыру арқылы Шымкенттің әлеуметтік және экономикалық дамуына оң әсер етуін жалғастырады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Алдыңғы

ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «OMIR SHYMKENT» ГЛЭМПИНГ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *