Жаңалықтар

КУРСАНТТАР ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДАН ӨТТІ

Құрлық әскерлерінің әскери институты курсанттары инженерлік қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының инженерлік әскерлер департаменті мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты бірлесіп, Арыс қаласындағы 44859 әскери бөлімінің базасында инженерлік әскерлер және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс әскерлері кафедрасының курсанттарына арналған оқ-дәрі қоймаларындағы өрттер мен жарылыстардың салдарын жою бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелік сабақтар өткізді.

Сабақтарға «Әскери істің инженерлік қамтамасыз етілуі» мамандығы бойынша 3 және 4 курста білім алатын 31 курсант қатысты.

Болашақ инженерлік әскерлер офицерлеріне саперлердің салдарын жою кезіндегі іс-қимылдарының практикалық үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ, олар заманауи іздеу, залалсыздандыру және аса қауіпті жарылғыш заттарды жою құралдарымен танысты.

«Бастарма» полигонының жарылыс алаңында курсанттар жарылғыш заттарды жоюға тікелей қатысу тәжірибесін алды.

Сонымен қатар, олар инженерлік оқ-дәрілердің қоймаларда сақталу тәртібімен, сондай-ақ бүркемелеу жиынтықтары мен арнайы тосқауылдар (габиондар) өндірісімен танысты.

Сабақ барысында курсанттар жарылғыш заттарды іздеу, анықтау, тасымалдау, залалсыздандыру және жою бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге арналған кешенді практикалық сабақтың ұйымдастырылуы мен әдістемесін меңгерді.

Оқу нәтижесінде инженерлік әскерлердің курсанттары жарылғыш заттардан жергілікті жер мен нысандарды тазарту жөніндегі жауынгерлік тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру бойынша тәжірибелік дағдылар алып, оқ-дәрі қоймаларындағы өрттер мен жарылыстардың салдарын жою кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау әдістемесін игерді.

Инженерлік әскер офицерінің қызметі жоғары қауіп-қатермен қатар, саперлердің өмірі мен денсаулығына үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Инженерлік әскерлердің ең қауіпті міндеттерінің бірі — жарылғыш заттарды іздеу, анықтау, залалсыздандыру және жою болып табылады. Мұндай міндеттердің табысты орындалуының басты кепілі – қауіпсіздік шараларын және тапсырмаларды орындау тәртібін нақты білу.

Болашақ офицерлер өз қызметтік тәжірибесінде жарылғыш заттармен байланысты жауынгерлік тапсырмаларды орындауға бірнеше рет тап болады. Сондықтан мұндай тәжірибелік сабақтарда алған білімдері мен дағдылары олардың алдағы уақытта тапсырмаларды барынша тиімді әрі қауіпсіз орындауына мүмкіндік береді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *