Жастар саясатыҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТ: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ АРМРЕСТЛИНГТЕН ЖАРЫС ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған спорттық іс-шара өтті. Бұл мерекелік спорт бәсекесі елдің бірлігін, патриоттық рухты және салауатты өмір салтын дәріптеуді мақсат етті.

Жарысқа елімізге кеңінен танымал армрестлинг шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спортшылар арнайы шақырылды. Олардың қатарында, Арман Рахманқұлов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, әлемнің қола жүлдегері, Бекзат Есенбай – әлемнің үш дүркін күміс жүлдегері, Азия және Қазақстан чемпионы, Мұхаммад Зайрахмед – екі дүркін Әлем кубогының жеңімпазы, үш мәрте Азия чемпионы, Мажжан Шаймерден – Азия кубогының күміс жүлдегері, ел чемпионы және Батырхан Рызманов – екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия кубогының жеңімпазы.

Белгілі спортшылар қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, спорттық шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ олар жарыстың төрешілері мен кеңесшілері ретінде сайыстың әділ әрі қауіпсіз өтуіне үлес қосты.

Жарыс барысында түрлі салмақ дәрежесіндегі ерлер мен қыздар арасында үздіктер анықталды. Оларға медаль, алғыс және естелік сыйлықтар табысталды.

Спорттық жарыстар тек бәсекелестік емес, жастарды біріктірудің, оларды денсаулыққа және салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырудың тамаша мүмкіндігі. Мұндай шаралар жастар арасында белсенді өмір салтын қалыптастырып, ұлттың болашағы үшін маңызды әлеуметтік фактор болып табылады. Ал армрестлинг секілді спорт түрі, күш пен төзімділікті талап етуімен жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие.

Жарыс барысында жеңімпаздарды марапаттау және ынталандыру сыйлықтарының табыс етілуі, еңбектің бағалануы әрі жастардың спортқа деген ынтасын арттырады. Осындай іс-шаралар қоғамдық келісімді нығайтып, қоғамда спорттың маңыздылығын түсінуге жол ашады.

 

НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ

Алдыңғы

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *