Білім

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық (CAREC) институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллектті пайдалану: CAREC өңірі үшін масштабталатын модель» тақырыбында халықаралық іс-шара өтуде. Бірлескен халықаралық ғылыми конференцияға жасанды интеллект және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық (АҚШ, Хорватия, Чехия, Орталық Азия өңірі университеттерінің ректорлары, проректорлары, профессор-оқытушылар құрамы) және отандық сарапшылар қатысып жатыр.

Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын инклюзивті білім беруге бейімдеу, аймақ елдері арасында тәжірибе алмасу және білім беру саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу. Халықаралық жиын барысында сарапшылар Өзбекәлі Жәнібеков орталығын, инклюзивті аудиторияларды, кітапхананы және ғылыми көрмелерді аралап, университеттің цифрлық бастамаларына жоғары баға берді.

Іс-шарада ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің болашағы мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланады. Бұл халықаралық іс-шара инклюзивті білім мен жасанды интеллекті біріктіру арқылы CAREC өңірінде сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жәнібеков университеті осындай бастамалар арқылы аймақтық және жаһандық білім кеңістігінде инновациялық көшбасы ретінде танылып келеді.

Бүгінге жоспарланған ғылыми конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлжан Жарасова ашып берді. Одан әрі отандық және халықаралық сарапшылар баяндама жасап, өз зерттеулерін таныстырды.

Іс-шара барысында қатысушылар инклюзивті білім беру мен жасанды интеллектті интеграциялау бойынша жаңа идеялар мен тәжірибелермен бөлісті. Осы технологиялардың білім беру жүйесіне енгізілуі тек білім сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар барлық студенттер үшін тең мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді. Бұл инновациялық әдістер мен жобалар аймақтық білім беру деңгейін көтеріп, инклюзивті орта құруға ықпал етері сөзсіз.

Сонымен қатар, қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру саласындағы потенциалын талқылап, оның тиімді қолдану жолдары туралы ұсыныстар жасады. Оқу үдерісін автоматтандыру және жеке студентке бағытталған тәсілдер енгізу білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруі мүмкін.

«АРҚАЛЫҚ БАТЫР» ПЬЕСАСЫ ЖЕКЕ КІТАП БОЛЫП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ САЛАУАТТЫ ӨМІРГЕ БАСТАЙТЫН СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *