Жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Төреайым Жолдыбайқызы Сұлтановамен бірге Әл-Фараби ауданының тұрғындары және үй басқарушыларымен маңызды кездесу өткізілді. Бұл кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың пікірлерін тыңдап, олардың ұсыныстарын ескере отырып, ауданның даму бағытын белгілеу болды.
Кездесуге салалық басқармалар мен аумақтық органдардың, коммуналдық мекемелердің басшылары да қатысты. Олар тұрғындармен ашық әрі тікелей диалог құру үшін арнайы шақырылды.

Кездесу барысында ауданымыздың инфрақұрылымдық жағдайы бойынша қысқаша мәлімет беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспары таныстырылды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының негізгі бағыттары түсіндіріліп, әрбір сала бойынша нақты міндеттер қойылды.

Тұрғындар көше жарығын орнату, балалар ойын және спорт алаңшаларын салу, жол жөндеу, аулаларды абаттандыру, тазалықты қамтамасыз ету сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Бұл мәселелер аудан өмірінде айтарлықтай маңызды орын алады, себебі олардың шешілуі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Әрбір айтылған өтініш пен ұсыныс назардан тыс қалмайды. Жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, бұл жұмыстардың қатаң бақылауға алынатыны атап өтілді.

Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, әрбір мәселені жеке бақылауда ұстау – біздің басты назарымызда. Жиын барысында тұрғындарға олардың өтініштері мен ұсыныстарының әрдайым ескерілетіні және барлық мәселелердің шешілу жолдары туралы айқын ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысында тұрғындардың талап-тілектері кезең-кезеңімен шешілетінін және барлық көтерілген мәселелер Аудан әкімдігінің жіті бақылауында болатыны атап өтілді. Барлық ұсыныстар мен сұрақтар бойынша тұрғындарға жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылатыны туралы хабарланды.

Тұрғындарымыздың белсенділігіне алғыс білдіремін. Ауданымыздың өркендеуі мен дамуы бірлескен еңбектің нәтижесі екендігін, және тек сол арқылы қоғамда тұрақтылық пен әл-ауқат орнатуға болатынын ерекше атап өткім келеді.

 

«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Алдыңғы

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *