Қоғам

Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету: қауіпсіздік және жауапкершілік

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция майоры Байсеитов Саттар Мұстафаевич пен полиция майоры Елеупов Ербол Қуанышбаевич аудандағы Айбек атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін үйрету мақсатында дәріс өткізді.

Қоғам үшін балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлініп келеді. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары жиі болып тұрады, ал балалардың жол апатына ұшырауының көрсеткіші жоғары. Осыған байланысты балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру өте маңызды.

Жол тәртібін дұрыс сақтау – өмірді сақтаудың басты шарттарының бірі. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүруінен, доп қуалап, жүріп бара жатқан көлікке жабысып кетуінен немесе қалтарыстан жолға шығып кетуінен бұзылады. Осы тәртіпсіздіктер салдарынан балалар көлік дөңгелегіне ілініп қаза тауып, жарақат алуы мүмкін, тіпті өмір бойы мүгедек болып қалуы да ғажап емес.

Балалар жолда жүру ережелерін ең алдымен үлкендерден үйренеді. Олар жақсы мінез-құлықты да, жаман мінез-құлықты да өз айналасындағы адамдардан қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып немесе түрлі оқиғаларға ұшырап жататын болса, бұл тек көлік жүргізушілерінің кінәсінен емес, көбінесе балалардың жол жүру ережелерін білмегендігінен болады. Осы себепті балаларға жолда жүру ережелерін үйрету, оларды қауіп-қатерден сақтандыру әрбір ата-ананың, мектептің және қоғамның міндеті.

Мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-шаралары мен түрлі іс-әрекеттер өткізіледі. Әрбір бала бұл шараларды мұқият тыңдап, қорытынды жасап отыруы тиіс. Сонымен қатар, балалардың жолда жүру ережелерін игеруі үшін ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар және сұрақ-жауап сияқты әдістер кеңінен қолданылуы керек.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығымыз бірге жұмыс істеп, оларға жолда жүру ережелерін дұрыс үйретіп, үлгі көрсетіп, қауіпсіздікке негізделген дағдыларды қалыптастыруымыз қажет.

 

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 27 МЫҢ ТОННА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ШЫҒАРЫЛДЫ

Алдыңғы

Әл-Фараби ауданында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *