Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған жаңа мүмкіндіктердің бірі — әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік гранттар беру тетігі. Бұл бастама «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.

Аталған құжат аясында кәсіпкерлерге «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша қайтарымсыз негізде 5 миллион теңгеге дейін грант беру қарастырылған. Конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.

Гранттар беру процесінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрамы құрылып, конкурс «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінде толық электронды форматта өтеді. Бұл жүйе арқылы өтінімдерді қабылдау, құжаттардың толықтығын тексеру, комиссия отырысын ұйымдастыру және жобалар бойынша дауыс беру үдерісі толығымен автоматтандырылған.

Мемлекеттік гранттар конкурс негізінде, комиссия қорытындысы бойынша тағайындалады. Комиссия құрамына қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мен салалық сарапшылар, ғылыми-білім беру мекемелері және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енеді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін комиссия отырыстары аудио және бейне жазбаға түсіріліп, процеске кемінде екі байқаушының қатысуы көзделген.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бұл конкурс 2025 жылғы қараша айында өткізіледі. Бағдарлама аясында бөлінетін гранттар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын жұмысқа тарту, инклюзивті бизнес бастамаларды дамыту және өңірлік экономиканы жандандыруға серпін бермек.

Мемлекеттік гранттардың бөлу тетігі бойынша, кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын жұмысқа тарту, инклюзивті бастамаларды дамыту және өңірлік экономиканы көтеру мақсатында өз жобаларын ұсына алады. Бұл конкурс тек кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлік саласын нығайтуға көмектеседі.

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР МЕН ЖӘРМЕҢКЕЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

КӨКСАЙДА 8 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *