Жаңалықтар

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібінде — күзгі су тасқынына дайындық, Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау шаралары.

Басқарма басшылары әр бағыт бойынша жоспарлардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Қала әкімі жауын-шашын кезеңіне инженерлік желілер мен нөсер жүйелерін дайындауды уақтылы аяқтау, сондай-ақ су бұру арналары мен дренаждық құрылыстардың жай-күйін тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Республика күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде абаттандыру және қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Шымкентте мерекеге орай 25 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған.

Бағдарлама 24 қазанда «Қызғалдақ» сарайында басталады, онда еліміздің басты мемлекеттік мерекесіне арналған салтанатты ресми іс-шара өтеді. Келесі күні-25 қазанда қала тұрғындары мен қонақтарына «Астана алаңында гала-концерт ұсынылады.

Сондай-ақ, әр ауданда атаулы күнге орайластырылған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Қала әкімі жауапты тұлғаларға мерекелерді жоғары деңгейде ұйымдастыруды, қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауды тапсырды.

Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, инвестициялық жобаларды іске асыру барысы және шағын индустриялық аймақтар құрылысы талқыланды. Мегаполис басшысы жауапты басқармаларға инвестициялар тарту, жаңа өндірістік алаңдар құру және барлық жоспарланған жобалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Қала әкімдігі шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты жаңа бастамаларды қолдау мақсатында жергілікті бизнес қауымдастығымен тығыз байланыс орнатуды жалғастыруда. Кәсіпкерлік бастамаларға арналған жеңілдетілген несие бағдарламалары мен мемлекеттік субсидиялар шағын және орта бизнеске қажетті қаржылық көмек көрсету үшін маңызды құрал болып табылады. Әкімдік мұндай шаралар арқылы кәсіпкерлердің өндіріс қуатын арттырып, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасауды жоспарлап отыр.

Инновациялық және технологиялық секторларды дамыту да басты назарда. Әсіресе, IT секторындағы стартаптарды қолдау мақсатында жаңа бағдарламалар әзірленіп, қала экономикасының цифрландыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мұның бәрі мегаполистің экономикалық өсуі мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды қадамдар болып табылады.

 

«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *