Мәдениет

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕК ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ — ШЫМҚАЛАДА

Бұл өнер кешінің түп-тамыры биылғы жылдың 17 шілде күні Шымкент қалалық өзбек драма театры директорының міндетін атқарушы Р.Сайтходжаев пен Ташкент қаласындағы Өзбек ұлттық академиялық драма театрының директоры, Өзбекстан халық әртісі — Ёдгор Саъдиевпен кездесуінен бастау алды. Міне, сол кездесуде алда болатын гастольдік іс-шаралар талқыланды. Қос мемлекет басшылары арасындағы келісілген мәдени қарым-қатынастарға сәйкес көршілес елдің екі театр басшылары арасында барыс-келіс жайлы меморандумға қол қойылды.
Міне, сол уағдаластың аясында нақты бағдарлама түзіліп, Шымкент қаласының әкімі Сыздықбековтің шешімімен 29 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Өзбек ұлттық академиялық драма театрының бір топ өнер майталмандары Шымкент қалалық өзбек драма театрына қадам басты. Қонақтарды театр ауласында күтіп алу салтанатына “Ғунча” халық ансамблі және өзбек драма театры әртістері өздерінің фольклорлық шығармасымен қатысты.
Театр көрермендерімен жүздесуді өнер иелері сахнананың алқызыл шымылдығын сүйеніш ете отырып өткізуге шешім қабылдапты.. Бір жағынан сахна мен кинодан ғана таныс жүздерді жек-жеке көріп, көңіл тойдырған да дұрыс қой деп ойладық.
Авансценаға жеке орындаушы ретінде шыққан Өзбекстан халық әртістері Ёдгор Саъдиев, Эркин Комилов, Саида Раметова, Зухра Ашурова, Тохир Саидов, сондай-ақ Өзбекстанда қызмет көрсеткен әртістері Лола Элтаева, Раъно Ярашева және басқа да қонақтар өз репертуарындағы монолог, эстрадалық және ұлттық орындаудағы әндерін ұсынды. Осылайша көрерменнің шын ықыласына бөленіп, гүл шоқтарымен әспеттелді. Отбасылық және қоғам өміріне арналған тың тақырыптар көптің көңілін толқытып, жанарын жас шылағандар да болды. Музыкалық орындауларға еріксіз би ырғағына түсіп жатқандар да кездесті. Ең ғажап көрініс қонақтар өзіне берілген гүл шоқтарын белсенді қатысқан көрермендерге үлестірген көңіл алмасу сәті болды. Одан да қуанышты сәттер жүздесудің соңын ала болды.
Өзбек ұлттық академиялық драма театры директоры Ёдгар Саъдиев Шымкент қалалық өзбек драма театры директорының міндетін атқарушысы Р. Сайтходжаевқа «Маданият элчиси» (Мәдениет елшісі), ал театрдың ұйымдастыру бөлімінің менеджері К.Саитовқа «Маданият ва санъат фидокори» төсбелгілерін табыстады.
Қонақкәде ретінде бел асып келген өнер майталмандарына шымкенттіктер өз сый-құрметтерін көрсетті. Әрине, әр сый-сияпаттың алдында жан шуағын төгіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күймен қатар ой арқалатвп кеткен сахна саңлақтарына ризалық, құттықтау сөздер айтылды. Содан ресми жағдайда Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестіктерінің төрағасы Т.Нишанбаев, Қазақстандағы өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И. Хашимжанов Өзбекстанның халық әртістері Еркин Комилов пен Зухра Ашуроваларға «Дустлик» төсбелгісін табыстады. Басқа да сахна шеберлері Шымкент қалалық өзбек этномәдени орталығының «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

ҚАРАТАУ АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛУҒА ЖАҚЫН

Алдыңғы

Алматы түніндегі ауыр сабақ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *