Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 240-ШЫ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ОРЫНДАЛДЫ

Жергілікті трансплантолог дәрігерлер тобының №1 клиникалық ауруханада жүзеге асырған 240-шы бүйрек трансплантациясы сәтті аяқталды.

37 жастағы әпкесі 2002 жылы туылған інісімен бүйрегін бөлісті. Науқас 2022 жылдан бері созылмалы терминалды бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен нефролог дәрігердің бақылауында болған. Екі жыл бұрын оған бағдарламалық гемодиализ тағайындалды, Мамандар науқасты бір ай бойы отаға дайындап, жуырда бүйрек трансплантациясын жасады. Отадан кейін екеуі де бөлімшеге ауысып, бақылауға алынды. Қазіргі таңда жалпы палатада емін шараларын жалғастыруда.

Қазақстан жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру арқылы бүйрек трансплантациясын жүзеге асырып отырған алты елдің қатарына кіреді. АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Түркия және Үндістанмен қатар біздің елімізде де трансплантология қарқынды даму үстінде. Медицина саласының ең күрделі бағытының дамуына шымкенттік дәрігерлер орасан үлес қосуда.

Бүйрек трансплантациясы — жоғары дәрежелі медициналық қызмет көрсету мен көпжылдық тәжірибені талап ететін күрделі процесс. Бұл ота дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейін және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген клиникалардың мүмкіндіктерін дәлелдейді. Шымкентте аталған операцияның сәтті орындалуы еліміздегі трансплантологияның дамуына қосылған тағы бір маңызды қадам болды.

Трансплантация процесінің сәтті аяқталуы екі жақтың да денсаулығының жақсаруына, сондай-ақ ағзаның қабылдауының дұрыс жүріп жатқанын көрсетті. Әпкесі мен інісінің арасында туындаған осындай бірегей медициналық жағдай қоғамдағы донорлық мәдениеттің артуы қажет екенін көрсетеді. Егер азаматтар донорлық мәселесіне жауапкершілікпен қараса, көптеген өмірлерді сақтап қалуға мүмкіндік туады.

Қазақстанның медициналық қызмет көрсету сапасы соңғы жылдары әлемдік деңгейге көтеріліп, халықаралық медициналық қауымдастық тарапынан танылып жатыр. Шымкенттің дәрігерлері осы үдерістің белсенді қатысушылары ретінде, отандық трансплантология саласының дамуына өз үлестерін қосуда. Трансплантацияның нәтижелі әрі қауіпсіз орындалуы еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің болашаққа деген сенімін арттырады.

ҚОҒАМ АЙНАСЫ – САХНА ТІЛІМЕН: ШЫМКЕНТТЕ «ҚҰСТАР ФЕСТИВАЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *