Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

🔹Бүгін Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында қалалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» тақырыбында іс-шара өтті.

🔹Мерекелік іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Заңғар Үсіпахметов, Түркия Республикасының Түркістан облысындағы Бас консулы Левент Гүржан, қалалық түрік этномәдени орталығының төрағасы Латипша Асанов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

🔹Басқарма басшысы өз сөзінде мемлекеттік этносаясат аясында атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, қала аумағындағы жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге сүбелі үлес қосып жүрген түрік этномәдени бірлестігінің белсенділеріне алғыс айтты.

– Шымкентте 7 мыңға жуық түрік этносының өкілі тұрады. Өз болашағын Қазақстанмен байланыстырған түрік ағайындар елдің дамуына елеулі үлес қосып, бірлік пен сыйластық құндылықтарын дәріптеуде. Лайым, еліміздің татулығы әрдайым тұғырлы болсын, – деді Заңғар Нышанбекұлы.

🔹Қонақтар Достық үйінің фойесінде ұйымдастырылған этно-фольклорлық ансамбльдердің өнерлерін тамашалап, ұлттық киім үлгілерін көрді. Одан кейін қолданбалы өнер көрмесін аралап, Ахысқа түріктерінің тарихы мен тұрмысын бейнелейтін фото-баннерлермен, көне тұрмыстық заттармен және ұлттық тағамдармен танысты.

🔹Қалалық түрік этномәдени орталығының төрағасы Латипша Асанов өз сөзінде мерекелік іс-шараға келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, орталықтың ел бірлігі жолындағы атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталды. Іс-шара барысында жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеп, этносаралық татулықты бекемдеуге үлес қосқан белсенділер марапатталды.

#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #shymkent

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Алдыңғы

БАЙТҰРСЫНОВ ТОЙДА ЖҮР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *