Жаңалықтар

Жасталаптағы жаңа медициналық пункт 

25 қазан — Республика күні қарсаңында Қаратал ауданының Жасталап ауылында ауыл тұрғындары үшін айрықша қуанышты оқиға орын алды. Халық игілігіне қызмет ететін, заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылуы өтті.

Аталған нысан ауыл халқына алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Медициналық пункттің ішінде қабылдау, процедуралық және акушерлік бөлмелер толықтай жаңа үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Салтанатты шараға Қаратал ауданының әкімі Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды нысанның ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі ауылдағы әлеуметтік нысандарды жаңғырту — тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі екенін атап өтті.

— Ел Президентінің тапсырмасына сай, ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету — біздің басты міндетіміз. Бұл нысан ауыл халқының денсаулығын қорғауға зор мүмкіндік береді, — деді Ұлан Әлдибекұлы.

Сондай-ақ шараға «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы қатысып, тұрғындарға партия тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары мен әлеуметтік бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа медициналық пункттің ашылуы — ауыл халқының өміріне жаңа серпін беретін қуанышты оқиға. Енді жасталаптықтар алғашқы медициналық көмекті өз ауылдарынан алуға мүмкіндік алды.

Жасталап — Қараталдың ғана емес, тұтас өңірдің тарихында өзіндік орны бар, тамыры терең ауыл. Менің балалығымның куәсі, жүрегімнің ең терең түкпірінде сақталған қымбат мекен. Елдің еңсесін көтеретін осындай игі істер — Отанға деген құрмет пен қамқорлықтың нақты көрінісі десе болады.

Қобланды АБЕНОВ

Шымкентте күзгі шақырылымның алғашқы жас сарбаздарын қарсы алды

Алдыңғы

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *