2025 жылғы 8 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің көлік-логистикалық жүйесін дамыту – басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалды.
Қазақстан – Еуропа мен Азияны жалғап тұрған маңызды көпір. Мемлекет басшысының айтуынша, 2024 жылы еліміздің аумағы арқылы тасымалданған жүктің көлемі 1 миллиард тоннадан асты. Бұл – еліміздің транзиттік мүмкіндіктері мен инфрақұрылымының даму қарқынын нақты айғақтайтын көрсеткіш.
Сонымен қатар, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия нарығына тікелей жол ашса, «Шығыс – Батыс» бағыты арқылы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде Қазақстанның Еуразиядағы негізгі құрлық жолы ретіндегі рөлі арта түсуде.
Президент атап өткендей:
«Көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек.»
Демек, инфрақұрылымды жетілдіру, транзиттік бағдарларды әртараптандыру және көлік дәліздерін кеңейту – еліміздің жаһандық логистикадағы орны мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
#ПрезидентЖолдауы #КөлікЛогистика #ҚазақстанТранзит #Инфрақұрылым #ЖаңаЖолдар #KazakhstanLogistics
Comments