Жаңалықтар

СЕЙІЛХАН АХМЕТОВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛІП, «САУРАН АУДАНЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

✔️Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы денсаулығына байланысты өз еркімен төрағалық қызметінен бас тартуына орай, Сауран ауданы әкімдігі арнайы құрмет көрсету рәсімін ұйымдастырды. Сейілхан Ыбыханұлы Сауран ауданы құрылған күннен бастап аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, бұл құрылымды қалыптастырып, жолға қоюда үлкен жауапкершілік пен белсенділік танытты. Ардагерлер арасындағы ынтымақты, ел ішіндегі бірлікті нығайтуға ерекше үлес қосты.
✔️Шығарып салу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысты. Жиында сөз алған аудан басшысы Сейілхан Ыбыханұлының аудан дамуына, ардагерлер қозғалысын жандандыру мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы еңбегін ерекше атап өтті.
— Сейілхан Ахметов — өмірін елге қызмет етуге арнаған азамат. Ол кісінің еңбек жолы, адамгершілік болмысы кейінгі ұрпаққа үлгі. Аудан ардагерлер кеңесін құрылған күнінен бастап басқарып, өз ісіне адалдық танытып, ел алғысына бөленді. Осы еңбегі үшін Сізге зор ризашылығымызды білдіреміз, — деді аудан әкімі.
✔️Салтанатты шара барысында Мақсат Асылбекұлы Сейілхан Ахметовке «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстап, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар ардагерге естелік сый-сияпаттар тапсырылды. Шараға қатысушылар ардагердің иығына жүктелген жауапты қызметті абыроймен атқарғанын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Сейілхан Ахметов өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, аудан халқы мен әріптестеріне алғысын айтты. Ол ардагерлер кеңесінің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ел бірлігі мен ынтымағының әрқашан биік болуын тіледі.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

«АДАЛ АЗАМАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САУРАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *