ЖаңалықтарЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС КӨЛЕМІ ҚАРҚЫНДЫ ӨСУДЕ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін қамтамасыз ететін қозғаушы күш болуға тиіс. Өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жеткені аймақ экономикасының тұрақты дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған азаматтар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға артты. Аталған кезеңде өндірілген өнім көлемі 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға ұлғайды. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жетті.

Қазіргі таңда қаламызда шағын өнеркәсіп аймақтарын дамыту бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша 150-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында бар 5 өндірістік алаңға («Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы» индустриялық аймағы, «Ордабасы» жекеше индустриялық аймағы) қосымша 438 га аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары енгізіліп, қалада жалпы 7 өндірістік алаң қызмет көрсетуде.

2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын 212 жоба арқылы инвестициялық құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жобалар тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылады. Ірі жобалардың қатарында түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компанияларының заманауи жылыжай кешендері, отандық «Intertrans» ЖШС-нің алкилат пен полипропилен өндірісі және қытайлық «Shaanxi Construction Kazakhstan» ЖШС-нің қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары бар.

#Шымкент #Жолдау2025 #Президентжолдауы #Инвестициялар #ӨңірлікДаму #ЭкономикалықӨсу #ӨндірістікӘлеует #ЖұмыспенҚамту #ИндустриялықАймақтар

Шымкентте қызмет еткен 140 сарбаз үйіне қайтты

Алдыңғы

Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *