Жаңалықтар

Әл-Фараби ауданында тұрғын үйлер жаңара түсті

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков Өңірлік коммуникациялар орталығында 8 айдың қорытынды есебін берді.

Әл-Фараби ауданында биылғы тұрғын үй қорының жаңғырту қарқыны ерекше. 2025 жылы 20 көпқабатты үйді жөндеу көзделген болса, бүгінде оның 13-інде жұмыс тәмамдалуға жақын, қалған 7 үйде жаңғырту қызу жүріп жатыр.

Реновация жобасы да серпін алуда. Сонымен қатар, реновация жобасы аясында биыл 4 мекенжайда жаңа құрылыс жұмыстары басталды. Бұл бағдарлама ескі және апатты үйлердің тұрғындарын жаңа, жайлы баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқада, биыл Елшібек батыр көшесіндегі №91, №93, Төле би көшесіндегі №37 және Ж.Әлімқұлов көшесіндегі №34 мекенжайларында ескі үйлер бұзылып, орнына заманауи жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде.

Жалпы жоспар бойынша 2029 жылға дейін 28 апатты үй сүріліп, 235 отбасы жаңа пәтерге қоныстанбақ. Бұл бастама ауданның көркін айшықтап, тұрғындардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартады.

Ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуы тек тұрғын үймен шектелмейді. Қала аумағындағы сауда нысандарын жаңарту және ретке келтіру де күн тәртібінде тұр. Қазіргі таңда «Орталық Қырғы» базарының 50 пайызы жаңартылды. Мұнда заманауи шатырлар мен ыңғайлы павильондар орнатылып, санитарлық талаптарға сай жаңа жоспар жасалды. Сонымен қатар, «Назым апа» және «Көктем» базарларында ескі нысандарды демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар сауда орындарының қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Әл-Фараби ауданындағы жаңғырту жұмыстары тек тұрғын үйлермен ғана шектелмейді. Аудан аумағында қоғамдық кеңістіктер мен инфрақұрылымдарды жаңарту да жалғасын табуда. Бұл бағытта жолдар мен жарықтандыру жүйелері де жаңартылуда. Мысалы, биыл бірнеше көше бойында жол жөндеу және жасыл желек отырғызу жұмыстары басталды. Мұның бәрі ауданның көркін арттырып, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған маңызды шаралар.

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕРДІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЭЦ-3 ЭНЕРГООРТАЛЫҚТА» ЕҢБЕК МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *