Қоғам

ЖАСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Шымкент қаласында «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының белсенді жастарымен «Даналық көпірі» интерактивті кездесуі өтті.

Жиынға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ жетекші сарапшысы Ержан Ибраев, бас сарапшысы Ботакөз Джаксымбетова, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, сондай-ақ Аналар кеңесінің мүшелері Зауре Оралбаева және Ассамблея жастары қатысты.

Кездесу барысында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, қоғамдық өмірге араласуын қолдау, ұлттық құндылықтарға баулу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

– Ассамблея жастары – еліміздің болашағы. Олардың тың идеялары мен бастамаларын қолдау – біздің басты міндетіміз. Жастар қоғамдық өмірге белсене араласқанда ғана бірлік пен келісім нығаяды, – деді қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева.

Сонымен қатар, Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің өкілдері де жастарға бағыт-бағдар беріп, ел бірлігі мен татулығын сақтаудағы ең басты құндылық – сыйластық пен жауапкершілік екенін атап өтті.

«Даналық көпірі» интерактивті кездесуі жастардың қоғамдық өмірдегі рөлін күшейту мен олардың азаматтық белсенділігін арттыруға зор мүмкіндік берді. Шара барысында жастардың қоғамдағы орны мен олардың елдің дамуына қосатын үлесі туралы әңгіме қозғалды. Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен өткен кездесуде олардың идеялары мен бастамаларының маңыздылығы атап өтіліп, осы бастамаларды қолдау арқылы бірлікті нығайтуға болады деген пікірлер айтылды. Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін жастардың өздерінің әлеуметтік мәселелерге қатысуы мен белсенділігі аса маңызды.

Кездесуде Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің өкілдері жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Олар қоғамда татулық пен бейбітшілікті сақтау үшін жастардың тәрбиесі мен мәдениетіне назар аудару қажеттігін жеткізді. Жастардың өзара құрметі мен жауапкершілігі қоғамды алға жетелейтін күшке айналатыны айтылды. Бұл жолда әр буынның өз рөлін атқаруы, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуда шешуші фактор болары сөзсіз.

«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» КЕЗДЕСУІ Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТТІ

Алдыңғы

Әлемді тамсандырған қазақ керуені

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *