Қазақстанда Еңбек күні 2013 жылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ресми түрде аталып келеді. Бұл мерекенің басты мақсаты – еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеру, жас ұрпақтың бойына адал еңбекке деген құрметті сіңіру.
Еңбек – елдің дамуының негізі, болашақтың кепілі. Сондықтан да жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін бұл күн барша қазақстандықтарға ортақ құндылықтарды дәріптейтін мереке саналады.
Жәрмеңкеге қатысқан Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтеев еңбек озаттарына Алғыс хаттар табыстап, олардың табандылығы мен адал еңбегін жоғары бағалады. Ол өз сөзінде:
«Еңбек – адам өмірінің мәні. Қай салада болмасын, тер төгіп жүрген әр жұмысшы – қоғамның тірегі. Кәсіподақтардың міндеті – сол еңбек адамын қорғау, қолдау, еңбегін әділ бағалату», – деді.
Бұл марапаттар – тек қағаздағы алғыс емес, еңбектің қадірін арттыратын, ұрпаққа үлгі болатын маңызды қадам.
Жәрмеңке барысында жүздеген бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар enbek.kz порталына тіркеліп, резюме толтыруды, заманауи еңбек нарығына бейімделуді үйренді.
Көптеген жастар үшін бұл – өз мамандығына сай алғашқы жұмыс орнын табуға, тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік болды. Ал жұмыс берушілер үшін кәсіби мамандармен тікелей кездесу алаңы болды.
Comments