Әлеумет

«Еңбек күні» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

2025 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Еңбек күні» мерекесі аясында «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Өтетін орын: «Арбат» демалыс аймағы

Іс-шара барысында Шымкент қаласынан 100-ден астам жұмыс берушінің қатысуы жоспарлануда. Қаламыздағы алып компаниялардан – Бал текстил, Петро-Казахстан, «Asia Trafo» («Азия Трафо»), «NURTAU distribution company», «KARLSKRONA» секілді алып компаниялар мен мемлекеттік мекемелер бос орындарды ұсынады.

Іс-шара аясында қаламыздың дамуына үлес қосқан, өз саласының үлгілі еңбек озаттары «Еңбек жолы — 2025» және «Парыз – 2025» конкурсы жеңімпаздары марапатталады.

Биылғы жәрмеңкеге қаламыздағы мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындардың жұмыс берушілерінен бөлек, еліміздің солтүстік өңірлерінен келген делегаттар қатысып, бос жұмыс орындары мен ерікті қоныс аудару мәселелері бойынша кеңес береді.

Қала тұрғындарын жәрмеңкеге қатысып, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарымен және жұмыс күші тапшы өңірлерден келген делегаттардың ұсыныстарымен танысуға шақырамыз.

Іс-шара жастар мен жұмыс іздеп жүрген барлық тұрғындарға үлкен мүмкіндік ұсынады. Әсіресе, өз мамандықтары бойынша жұмыс табуға немесе жаңа салаларға қадам басуға ынталы адамдар үшін бұл жәрмеңке маңызды алаң болмақ. Қаламыздағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қатысуы жәрмеңкенің ауқымдылығын көрсетіп, әрбір азаматтың өзін қызықтырған сала бойынша ақпарат алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы шара аясында еліміздің түрлі аймақтарынан келген жұмыс берушілермен танысып, ерікті қоныс аудару туралы кеңес алу мүмкіндігі де ұсынылады.

Жәрмеңке – тек жұмыс іздеушілер үшін ғана емес, кәсіпкерлер мен компаниялар үшін де тиімді алаң болмақ. Мұнда жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланыс нығайып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, шараға қатысушыларға кеңес беру мен кәсіби бағдар беру арқылы қала тұрғындарының жұмысқа орналасу мүмкіндіктері артады, ал еңбекқор азаматтардың кәсіби деңгейі жоғарылайды.

Газ қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

Алдыңғы

Ермек Кошербаев посетил социальные объекты Шымкента

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *