Жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалында Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау іс-шарасы өтті. Партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев әлем чемпиондары Махмұд және Төрехан Сабырхан, Санжар Ташкенбай, Айбек Оралбайды жеңісімен құттықтап, қаржылай сый-сыяпаттарын табыс етті.
Мұрат Жаңабайұлы боксшылардың керемет жеңісі жастарға зор серпін бергенін атап өтті.
– Ұлыбритания елінде спортшыларымыз еліміздің Әнұранын шырқатып, жарқын жеңіске жетті. Жастар сіздерге қарап үлгі алады. AMANAT партиясы дарынды азаматтарды әрдайым қолдайды. Партия филиалы да қалыс қалмай, өздеріңізді марапаттауға арнайы шақырдық. Алда Азия ойындары, Олимпиада ойындары келе жатыр. Ол сындарда да сіздер еліміздің туын жоғарыда желбіретеді деген сенімдемін. Алдағы жауапты бәсекелерде сәттілік тілеймін, – деді партия филиалының төрағасы.
Іс-шарада төрт боксшының әрбіріне қаржылай сертификат және партия филиалының «Алғыс хаты» табыс етілді. Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Оспан Даниярұлы да аталған қолдауға алғысын білдірді. Сонымен қатар, команда капитаны Айбек Оралбай бұл жеңіспен тоқтап қалмай, алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындық жүргізетіндерін айтты.

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақ боксшыларын марапаттады. Бұл құрметке ие болған спортшылар арасында Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Оспан Ажибеков, әлем чемпиондары Айбек Оралбай, Санжар Тәшкенбай және ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан бар. Оларға шапан жабылып, алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Мұрат Жолдыхожаев өз сөзінде бұл жетістіктің тек спортшылардың ғана емес, бүкіл қазақ елінің ортақ қуанышы екенін атап өтті.

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар топ жарып, командалық есепте бірінші орынға ие болды, бұл ел спортында жаңа бір белестің бастауы болды. Мұрат Жолдыхожаев спорттың елдің мәртебесі екенін айтып, чемпиондарды әрдайым қолдайтындарын және олардың жетістіктері халықтың мақтанышы екенін жеткізді. Іс-шара соңында чемпиондар өздеріне көрсетілген құрметке алғыс айтып, Қазақстанның атын әлемдік аренада асқақтату үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдеді.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: АУДАН ӘКІМДЕРІ ПАРТИЯ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Алдыңғы

ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ, КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕР БЕГМАН ЫСҚАҚТЫҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *