ӘлеуметБілімҒылымЖаңалықтарҚоғам

Шымкентте үздік ұстаздар ұлықталды

Бүгін Шымкент қаласындағы Қызғалдақ сарайында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Бұл мерекелік шара білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетуге арналды.

Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, аудан әкімдері, басқарма басшылары, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жетекшілері, ардагер ұстаздар мен 2000-нан астам білім саласындағы педагогтер қатысты.

Мерекелік іс-шарада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік наградалары тапсырылды. Шымкент қаласының 4 ұстазы «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін иеленсе, бірқатар педагогтер «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ұстаздық мамандықтың қоғамдағы мәртебесін ерекше атап өтті.

— Елімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру басты міндеттердің бірі. Бүгінде ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған көптеген шаралар жүзеге асуда. Бұл бағытта Шымкент қаласында да жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қаламызда 32 мыңнан аса педагог бар. Олардың кәсіби шеберлігі мен ерен еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағалануда. Бүгінгі мерекеде Шымкент қаласында төрт ұстаз «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Еңбектің еленуі – мұғалім мамандығының беделін арттыра түседі, – деді қала әкімі.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Қала ұстаздары бұл күні ерекше құрметке ие болып отыр. Шара ұстаздар қауымының еңбегін бағалаумен қатар, жас ұрпаққа ұстазды құрметтеу – ұлттық дәстүрдің бір бөлігі екенін ұғындырды. Шымкенттегі педагогтерге көрсетілген бұл құрмет – олардың ел дамуына қосып отырған үлесіне деген алғыстың белгісі.

Жиында қалалық білім беру саласының жетістіктері мен ұстаздардың ерен еңбегі кеңінен атап өтілді. Ұстаздардың кәсіби жетістіктері мен қоғамдағы рөлі бүгінгі таңда ерекше мәнге ие. Олардың еңбек жолындағы жетістіктері тек жеке тұлғалардың ғана емес, тұтас ұрпақтардың болашағына әсер етеді. Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан түрлі білім беру бағдарламалары мен ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар бұл мамандықтың мәртебесін арттыруға зор үлес қосып отыр.

В Шымкенте чествовали учителей

Алдыңғы

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ МЕРЫ ПО УВЕЛИЧЕНИЮ СОБСТВЕННЫХ ДОХОДОВ БЮДЖЕТА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *