Қоғам

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне арналған салтанатты шара

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, Созақ аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тіл – достық пен ынтымақтастықтың көпірі» атты салтанатты шара өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ, қазақ тілінің мәртебесін арттыру және оны кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының тілін қадірлеу, ұлттардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан жерінде тұратын әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың ана тіліне деген құрметті арттыру болды. Бұл мереке мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның маңызын түсіну және оны сақтау бойынша маңызды қадамдар жасалды.

Шара барысында тіл жанашырлары мен тіл мамандары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, ақындардың жалынды жырлары оқылып, патриоттық әндер шырқалды, бұл өз кезегінде көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері насихатталды. Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөзі шараның басты тақырыбына айналды. Бұл сөздің мәні мен маңызы шараға қатысушыларға терең ой салды.

Іс-шараға қатысқан тіл мамандары мемлекеттік тіл – қазақ тілінің ата-бабамыздан қалған аманат екендігін ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, қазақ тілін сақтау, дамыту және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – әрбір азаматтың борышы. Олар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту тек заңмен емес, жүрекпен орындалатын іс екенін жеткізді.

Бұл күн – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оның қоғамдағы рөлін күшейту және халық арасында тіл мәдениетін дамыту үшін маңызды қадам болды.

 

Қазығұрт ауданында интернет алаяқтыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Алдыңғы

Шымкент: Өнеркәсіптік өсім және инвестициялар

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *