Созақ аудандық А.Сүлейменов атындағы мектеп базасында өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқау мектепке дейінгі тәрбие мен білім саласындағы педагогтер үшін үлкен сын болып, олардың кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және балаға деген сүйіспеншіліктерін тағы бір мәрте көрсетуге мүмкіндік берді.
Байқаудың мақсаты — мектепке дейінгі білім беруде жоғары нәтижелерге қол жеткізген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз білімін үздіксіз арттырып отыратын педагогтарды анықтап, оларды насихаттау және қолдау көрсету. Бұл байқау ұстаздардың тәрбие процесінде қолданатын әдіс-тәсілдерін, балалармен жұмыс істеудегі инновациялық жаңалықтарды және ең бастысы, әр педагогтың бала болмысын түсіну қабілетін анықтауға бағытталған.
Байқауға қатысқан әрбір педагог өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салып, жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, балалармен жұмыс істеудегі ерекше қабілеттерін танытты. Қазылар алқасы әр ұстаздың баланы тәрбиелеудегі инновациялық тәсілдері мен шығармашылық жұмыстарын жоғары бағалады. Бұл байқау тек қана кәсіби бәсекелестік емес, сонымен қатар педагогтердің білім берудің жаңа әдістерін меңгеріп, тәжірибелерін арттыруға мүмкіндік берді.
Байқау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
- Өмірбекова Мақпал – «Айшуақ» бөбекжай-бақшасы
- Кекилова Мадина – «Таукент гүлдері» бөбекжай-бақшасы
- Карибаева Гүлжамал – «Болашақ» бөбекжай-бақшасы
- Бас жүлде иегері – Төреқұл Жаннұр, «Самал» бөбекжай-бақшасы (Облыстық кезеңге жолдама алды)
Барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздер — ізденістен ешқашан шаршамайтын, балалардың болмысына терең бойлай білетін шынайы ұстазсыздар! Педагогикалық шеберліктеріңіз бен кәсібилігіңіз әрқашан жоғары бағаланады. Бұл байқау ұстаздардың педагогикалық ізденістерін қолдап қана қоймай, сондай-ақ олардың өздеріне деген сенімдерін арттырды. Байқау барысында әрбір педагог өзіндік ерекшеліктерін, тәжірибелерін көрсетіп, баланы тәрбиелеудің әр қырын айқындап, жоғары деңгейде жұмыс істегенін дәлелдеді.
Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы бола білген басшылыққа және аудандық мектепке дейінгі тәрбие мен білім саласының әдіскері Айгерім Смайловаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Оның ұйымдастырушылық қабілеті, педагогтерге деген қолдауы байқаудың сапалы өтуіне септігін тигізді.
Алдағы уақытта Жаннұр Төреқұлқызына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Қазіргі таңда, Жаннұр — тек өз мектебінің үздік педагогі ғана емес, ауданымыздың болашағы зор ұстаздарының бірі ретінде танылып отыр. Баршаңызға шығармашылық табыс, бала тәрбиесіндегі жауапты жұмыс барысында мықты денсаулық және жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз!
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар тек дипломдармен емес, ең бастысы, педагогикалық тәжірибелерін одан әрі шыңдай түсу үшін қажетті мотивациямен марапатталды. Бұл байқау ұстаздарға жаңа мүмкіндіктер мен көзқарастарды ашып, балалардың болашақтағы дамуына үлкен үлес қосуына септігін тигізеді.
Ұстаздардың еңбегін бағалау және оларды қолдау жұмыстары болашақта жалғасын табатынына сенімдіміз, себебі мұндай шаралар тек педагогтарды емес, сонымен қатар, бүкіл білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Comments