Созақ ауданының білім бөлімі Мектепке дейінгі, қосымша білім және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын
хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес- мектепке дейінгі, балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру, орта білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
Қамқоршылық кеңес мүшелері өз қызметінде:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
Өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.
Қамқоршылық кеңес кұрамына:
1) мектепке дейінгі ұйымдар үшін — тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
білім беру ұйымдары үшін — білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
қосымша білм беру ұйымдары үшін- мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері – кемінде 3 адам;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам. (мектепке дейінгі ұйымдарға талап етілмейді)
Үміткерлер комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: «Созақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №24, электронды пошта sozak_roo@mail.ru.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру «Созақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында (ресми сайт, әлеуметтік желілерде Facebook, Instagram парақшасында) ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
Comments