ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ҚАЗАН АЙЫНДА ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТЕДІ

1 қазан – Халықаралық қарттар күні аясында ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Қарттар үйлерінде концерттер өткізіліп, басты салтанатты жиын сағат 12:00-де «Royal Rose» мейрамханасында өтеді. Мұнда түрлі салада еңбек еткен 200-ден астам ардагерге сый-құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталады.

5 қазан – Ұстаздар күніне орай 3 қазанда «Қызғалдақ» сарайында салтанатты іс-шара өтеді. Жергілікті өнерпаздар мен жастар ұстаздарға арнаған өнерін паш етіп, үздік педагогтарға марапаттар тапсырылады.

19 қазан – Құтқарушылар күні қарсаңындағы мереке де «Қызғалдақ» сарайында атап өтіледі. Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырылатын концерттік бағдарламаға жергілікті өнерпаздар қатысады. Биыл құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекесін ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығымен бірге атап өтуде. Осыған орай республика көлемінде «30 жылдыққа – 30 игі іс» акциясы өтіп жатыр. Шымкенттік құтқарушылар да ардагерлерге, балаларға, табиғат пен жануарларды қорғауға арналған түрлі қайырымдылық бастамаларын жүзеге асыруда.

25 қазан – Республика күні қарсаңында екі күндік ауқымды шаралар жоспарланған. 24 қазанда «Қызғалдақ» сарайында салтанатты жиын өтіп, еңбегі сіңген азаматтарға мемлекеттік және жергілікті марапаттар, сондай-ақ «Құрметті азамат» атағы табысталады. Ал 25 қазанда Астана алаңында сағат 20:00-де ашық аспан астында үлкен гала-концерт ұйымдастырылып, еліміздің танымал әншілері мен жергілікті өнерпаздар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Қазан айында Шымкент қаласында бірқатар маңызды шаралар өтеді, олар тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлап, мәдени іс-шаралармен қала өмірін байытады. Ардагерлер мен ұстаздарға арналған арнайы іс-шаралар өткізілмек, онда олардың еңбегі мен қоғамға қосқан үлесі бағаланады. Сонымен қатар, құтқарушылардың кәсіби мерекесі мен еліміздің маңызды мерекесі – Республика күніне орай ауқымды мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады. Бұл шаралар қаланың әлеуметтік өміріне серпін беріп, түрлі салалардағы азаматтарға құрмет көрсетуге мүмкіндік туғызады.

 

ШЫМКЕНТТЕ «АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ДАМУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *