Бүгін Шымкентте Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Абайұлы мәдениет, көлік, әлеуметтік қолдау және қоғамдық тәртіп мәселелерін баяндады.
Брифингте әлеуметтік қолдау шаралары да атап өтілді. Қарттар күніне орай 70 жастан асқан азаматтарға 3 АЕК (11 796 тг) көлемінде бір реттік көмек, ал 80 жастан асқан жалғызбасты қарттарға 2 АЕК (7 864 тг) мөлшерінде ай сайынғы көмек беріледі. Сонымен қатар, зейнеткерлерге тегін қоғамдық көлік және санаторлық ем қабылдауға жолдама қарастырылған.
99 216 зейнеткер тұратын Шымкент қаласында «Ізетті зейнеткер» мекемесі 120 зейнеткерге дейін қабылдай алатын толық жағдаймен қамтамасыз етілген емдеу орнын іске қосқан.
25 қыркүйекте «Арбат» демалыс аймағында «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 100-ден астам жұмыс беруші мен солтүстік өңірлерден делегациялар қатысып, ерікті қоныс аудару бойынша да кеңестер берілді.
Сәрсен Абайұлы еңбек нарығына да тоқталды. Оның айтуынша, қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай «Арбат» демалыс аймағында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкенттен 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, түрлі бос орындар ұсынып жатыр. Жәрмеңкеде жұмыс іздеумен қатар «Еңбек жолы-2025» және «Парыз-2025» конкурстарының жеңімпаздары марапатталды. Биыл алғаш рет солтүстік өңірлерден делегациялар келіп, ерікті қоныс аудару туралы кеңес беріп жатыр.
Қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылған бұл шаралар зейнеткерлер мен қарттарға арналған көмекпен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, еңбекке қабілетті жастағы азаматтарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби білімін арттыру және тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері де басты назарда тұр. Әлеуметтік қолдау шаралары тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған, ал жұмыссыздықты жою мен азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту — бұл қаланың әлеуметтік саясатында алға қойылған маңызды міндеттердің бірі.













Comments