Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БЮДЖЕТ ҰЛҒАЙЫП, ЖАҢА БАСҚАРМАЛАР ҚҰРЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясында халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіне қаланың 2025–2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу жайы шығарылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев қала қазынасын 45 миллиард теңгеге ұлғайту ұсынылғанын жеткізді. Сонымен қатар, үнемделген және игерілмей қалған қаржы қайта бағытталмақ. Әуелі қаражат әлеуметтік салаға — жекеменшік мектептерді қаржыландыру, ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту шараларына жұмсалады.

Сонымен қатар депутаттар алдағы уақытта Жастар басқармасы мен Балалар құқығын қорғау басқармасын құру бойынша шешімді қолдады. Онымен қоса қала әкімдігінің құрамы мен басқару схемасына өзгерістер енгізу, түрлі комиссиялардың, терроризмге қарсы, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар құқығын қорғау, т.б. құрамын жаңарту, зираттарды күтіп ұстау қағидалары мен ортақ су пайдаланудың жаңа тәртібін бекіту мәселелері де назардан тыс қалмады.

Мәслихат сессиясында қабылданған шешімдер қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған. Әсіресе жастарға қолдау көрсету мен балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жаңа қадамдар қоғам тарапынан оң бағасын алды.

Шымкент қаласының мәслихатында қабылданған шешімдер қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдарды көрсетеді. Қала бюджетінің 45 миллиард теңгеге ұлғаюы әлеуметтік салаға жұмсалатын қаржының артуына мүмкіндік беріп, жекеменшік мектептерді қаржыландыру және медициналық мекемелердің материалдық базасын нығайту шаралары жүзеге асырылатын болады. Бұл өзгерістер денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

ЛИВЕРПУЛЬДЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАН БОКСШЫЛАРҒА ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: ЖЕТІ ҚАЛАҒА ТІКЕЛЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *