Жаңалықтар

ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ БЕРЕКЕ: ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында қаладағы «Достық үйінде» «Отбасы күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өнегелі әулеттер марапатталды.
Мерекелік жиынның ашылу салтанатында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева қатысты.
– Отбасы – мемлекет пен қоғамның ең басты тірегі. Әр шаңырақта ұлттық дәстүр сақталып, бауырмалдық пен сыйластық орнықса, еліміздегі бірлік пен ынтымақ та нығаяды. Әрбір әулеттің тарихы – ел тарихының бөлшегі. Біз өнегелі отбасыларды дәріптеу арқылы жастарға бағыт-бағдар беруді көздейміз. Ұрпақ тәрбиесі – аналардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Бүгінгі марапаттар – соның айғағы, – дейді Гүлжан Сүгірбаева.
Шара барысында алдын ала іріктелген отбасылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
«Азамат тәрбиелеген отбасы» номинациясын – қоғамға адал қызмет етіп жүрген, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген Курбанходжаевтар әулеті иеленді. Отбасында қазақтың туын желбіретіп жүрген таеквондошы Дастан Нәжімханов бар. «Күміс кереге» номинациясымен – 25 жыл отасып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан Бүркіттер отбасы мен Андар отбасы марапатталды. «Алтын шаңырақ» номинациясының иегері – 50 жылдық ғұмырын бірге өткізген, өнегелі әулет Үсенбековтер отбасы болды.
Әр отбасы өз перзенттерін елге адал қызмет ететін, қоғамға пайдасын тигізетін азамат етіп тәрбиелеп өсірген өнегелі әулет. Олардың өмірлік ұстанымы – әділдік, ізгілік пен еңбекқорлыққа баулу, ұлттық салт-дәстүрді жас ұрпаққа аманаттау. Қоғамдық істерге белсене араласып, берекелі шаңырақтың мәнін паш ету.

Бұл іс-шараның мәні тек марапаттауда ғана емес, әрбір отбасының қоғамдағы орнын көрсетуінде жатыр. Өнегелі отбасыларды дәріптеу арқылы жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріліп, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметі мен жауапкершілігі арттырылуда. «Отбасы күні» мерекесі – отбасылық құндылықтарды насихаттау және ұрпақ тәрбиесінде аналардың рөлін айшықтау үшін маңызды алаң болып табылады. Әр шаңырақтың өз тарихы мен тәжірибесі бар, сондықтан өнегелі әулеттердің үлгісі болашақ ұрпақ үшін зор мағынаға ие.

Қоғамға адал қызмет етіп, ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, өз балаларын жақсы азаматтар етіп тәрбиелеген отбасылардың марапатталуы – әлеуметтік жағынан да өте маңызды қадам. Мұндай отбасылар қоғамның тұрақтылығын, бірлігін және ынтымағын нығайтуға үлкен үлес қосуда. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралардың саны артып, отбасы құндылықтары тағы да кеңінен насихатталатын болады.

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

МӘМС: ШЫМКЕНТ ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНДА АСА КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *