Денсаулық

ШЫМКЕНТ: ИНСУЛЬТ БӨЛІМІНЕ ТҮСКЕН 79 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ АМАН ҚАЛДЫ

Жергілікті дәрігерлердің жедел әрекетінің арқасында тағы бір тұрғынның өмірі құтқарылды.

2025 жылғы 12 қыркүйекте Шымкент қалалық №2 ауруханасының инсульт бөліміне ауыр жағдайда түскен 79 жастағы науқасқа шұғыл түрде ота жасалды.

Жақындарының айтуынша, науқас үйінде тамақтану кезінде кенеттен сөйлей алмай, сол жақ қол-аяғы жансызданып, есінен танып қалған. Жедел жәрдеммен дер кезінде жеткізілген кейуанаға мамандар бірден компьютерлік томография және қосымша зерттеулер жүргізді.

Нәтижесінде сол жақ ұйқы артериясы сағасының 90%-ға дейін тарылғаны анықталды. Бұл – инсультке әкелетін аса қауіпті жағдай. Шұғыл түрде науқасқа эндоваскулярлы ота жасалып, артерияға стент орнатылды. Ота барысында қан ағымы қалпына келтіріліп, науқас есін жия бастады.

Дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында артерия өткізгіштігі толық қалпына келді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, ол бөлімшеде емін жалғастыруда.

Бұл оқиға Шымкент қаласының медициналық қызметінің жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Дәрігерлердің шұғыл әрі кәсіби әрекеттері 79 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды. Әсіресе, инсульт қаупі бар науқастың жағдайы бірден анықталып, қажетті медициналық шаралар қабылдануы оның өмірін құтқаруда басты рөл атқарды.

Аталмыш жағдай қаладағы медициналық қызметтің сапасының артқанын, сондай-ақ дәрігерлердің жаңа технологияларды тиімді пайдаланудағы жетістіктерін көрсетеді. Науқастың жағдайы жақсарып, өмір сүру сапасы қалпына келуде, бұл – дәрігерлердің біліктілігі мен жедел әрекетінің жемісі. Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ инсультке қарсы шараларды жүйелі түрде жүргізу маңызды.

 

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

ЗАҢДАР БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕУІ ТИІС

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *