Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін кезекті рет жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Қала әкімдігінің басқармалары, құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері белгіленген аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында қалада сенбілік іс-шаралары тұрақты өткізілуде. Бүгін де қаланың аудан аумақтарында басқарма қызметкерлері, қала тұрғындары тағылымды іс-шарадан шет қалмай, жақсы іске жұмыла кірісті. Атап айтқанда, мәдениет басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері Сырым батыр көшесі (А-2 тас жолынан Қайнарбұлақ саяжайына дейін) бойын қоқыстан арылтты. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры ұжымы Сырым батыр көшесінің басынан ортасына дейінгі аумақта сенбілік жұмыстарын атқарып, жалпы 100-ге жуық қызметкер тазалыққа үлес қосты.
Аталған іс-шара аясында қала аумағын қоқыстан тазарту мақсатында мәдениет мекемелері мен басқарма қызметкерлерінен құралған 900 адамдық флешмоб ұйымдастырылды.
Қаланың тазалығы — баршаға ортақ міндет. Аудан ардагерлері, белсенді азаматтар оң бастамаға үнемі қолдау көрсетіп, ұйымшылдығын танытып келеді.
Сонымен бірге, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұжымы “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Акция барысында мекеме қызметкерлері Т.Айбергенов көшесінің бойындағы ирригациялық арықтар мен тұрғын үй аулаларын, жолдарды қоқыстан тазартты.
Мекеме мамандары бекітілген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтіріп, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарды. Бұл іс-шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру мен тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Шымкентте ғылым мен білім саласындағы жаңа бастамаларға арналған халықаралық семинар өтті

Алдыңғы

Талапты жастардың басын қосқан хакатон өтіп жатыр

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *