Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.
Ашық есік күніне «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры А.Қалымбет, Шымкент ҚПД ЖПҚБ отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Д.А.Сахибекова, Шымкент қаласы №2 МӘС бөлім басшысы Г.Кожабаева, Қорғаншылық және қамқоршылық орталығының директорының м.у.а. М.Таксанбаева мен бөлім басшысы М.Б.Диканбаева, «Отбасын қолдау орталығы» КММ заңгері Ж.Асылбеков, Әділет-Ақпарат» кәсіпкерлер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Жанзаков, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, Л.Ақшегірова және Шымкент қаласы заңгерлер палатасының заңгері Н.А.Мырзабай қатысты.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы осал топтар мен жалғыз басты аналарға, толық емес отбасы мүшелері және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың өзекті мәселелеріне шешуге заң аясында қолдау көрсетіліп, тиісті көмектер көрсетілді, қажетті кәсіби кеңестер алды. Бұл іс-шара отбасыдағы қарым-қатынасты нығайту, қиындықтарды жеңу жолдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылған маңызды бастама ретінде ерекше ықыласпен қабылданды.
Орталық басшылығы ашық есік күнін дәстүрлі түрде өткізу арқылы қоғамды ақпараттандыруды әрі қолдауды жалғастыра беретінін айтты. Мұндай шаралар отбасылардың берекелі өмір сүруіне, қиын сәттерде қолдау табуына зор ықпал етеді.
«Отбасын қолдау орталығы» ашық есік күні отбасы құндылықтарын көтеру мен қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды қадам болды. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол.
Ашық есік күні отбасы құндылықтарын насихаттау және қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету тұрғысынан өте маңызды бастама болды. Бұл іс-шара қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық білімін арттырып, әлеуметтік қызметтердің тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.
Орталықтың мұндай бастамалары отбасылық тұрақтылық пен әлеуметтік қолдаудың маңызды элементтеріне айналып, қоғамды бірге жақсартуға бағытталған тағы бір қадам болып табылады.
Comments