Жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТТАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

«Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Еріктілік» бағыттары бойынша әрқайсысынан 1 жеңімпаздан анықталып, барлығы 6 жеңімпазға 1 000 000 теңгеден көлемінде грант беріледі.• «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;• «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, дәстүрі мен өнерін ілгерілетуге бағытталған жобаларға арналған;• «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде стартаптарды әзірлеуге және жүзеге асыруға арналған;• «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;• «Медиа» – жастар үшін танымдық, пайдалы әрі қызықты контент ұсынатын жаңа медиа жобаларды жүзеге асыруға арналған;• «Еріктілік» – өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Байқауға Шымкент қаласының 14-35 жас аралығындағы жастары қатыса алады.

Өтінімдер 2025 жылдың 1 қазанына дейін электронды түрде grantshymkent@gmail.com поштасы арқылы немесе grantshymkent.online сайты арқылы қабылданады.

Бұл гранттар байқауы жастарға өз идеяларын іске асыруға үлкен мүмкіндік береді және олардың шығармашылық потенциалын дамытуға ықпал етеді. Осылайша, жастар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыра отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол аша алады.

Ескерту: 2024 жылғы Шымкент қаласының жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауының жеңімпаздары қатыса алмайды!Толығырақ:grantshymkent.online Instagram: @jastarbolimi2025 WhatsApp: 8 707 157 60 01

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАП ШЫҚТЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: СОСТОЯЛОСЬ СОВЕЩАНИЕ ПО ОБСУЖДЕНИЮ МЕХАНИЗМОВ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *