Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде прокуратура органдары инвест жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жүргізуде. Биыл Шымкент қаласы прокуратурасы тарапынан 22 өзекті мәселе шешімін тауып, 135 инвестордың құқықтары қорғалған. Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ белсенді жұмыс жүргізуде.

Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауда атқарылғын жұмыстар мен бірқатар мәселелер дөңгелек үстелде талқыға салынды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокуроры Ғабит Мұқанов, кәсіпкерлер қатысты.

Шымкент қаласы – бизнес жүргізуге қолайлы өңір. Биыл кәсіпкерлікті қолдауға 20 млрд теңге қаржы бөлінген (республикалық бюджет – 15,3 млрд теңге, жергілікті – 4,7 млрд теңге). Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан әртүрлі преференциялар көрсетілуде. 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны өткен жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан.

Қала прокуроры Ғ.Мұқановтың айтуынша, прокуратура органдары өкілдері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге айрықша мән беруде. Бүгінгі жиынның басты мақсаты – кәсіпкерлермен бірлесе өзара сенімді диалог орнату, проблемаларды бірлесіп шешу. Инвестиция саласындағы өзекті мәселелерді ашық талқылап, шешу жолдарын қарастыру.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев кәсіпкерлерді қолдау бойынша атқарылған жұмыстар, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытындағы шараларды баяндады. Іс-шарада қала кәсіпкерлері де өз ұсыныстарын айтты.

Жиын қорытындысында бірқатар азаматтар қала прокурорының Алғыс хатымен марапатталды.

 

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» жобасы Шымкентте таныстырылды

Алдыңғы

Шымкент мектептерінде «Прокурорлық сағат» өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *