Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады

2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялап, ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындады. Президент қоғамдағы әділдік принципін бекітуге, әлеуметтік қолдауды күшейтуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударды. Сондай-ақ 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, еңбек адамын құрметтеу, кәсіби біліктілікті арттыру және еңбек нарығын жаңа деңгейге көтеру міндетін қойды. Бұл шешім жас ұрпақтың болашағын айқындап, қоғамдағы жұмысшы мамандығының беделін арттыруға бағытталған.

Президенттің Жолдауы мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңін белгілейтін маңызды құжат болып табылады. Қоғамдағы әділеттілік, экономикалық өсім, заң мен тәртіп мәселелері басты назарда болып, әлеуметтік қолдау жүйесінің жаңғыртылуы көрсетілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елдің еңбек нарығын қайта қарастырып, жұмысшы мамандықтарын қоғамда жоғары бағалауға және сол саладағы біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Бұл бастама еліміздегі еңбек өнімділігін арттыруға және жастарды кәсіби дағдыларға бейімдеуге оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Президенттің Жолдауында атап көрсетілгендей, елдің өркендеуі үшін әділетті қоғам қалыптастыру маңызды. Бұл ретте әлеуметтік салаға ерекше назар аударылып, халықтың түрлі топтарына көмек көрсетуді жүйелі түрде арттыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, білім мен ғылымды дамытуға және халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылатуға басымдық беріледі. Жолдаудың бұл бөлімдері мемлекет пен азаматтардың арасындағы сенімді нығайтып, қоғамдағы бірлікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІН

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *