Жаңалықтар

СЫҢҒЫРЛАҒАН ҚОҢЫРАУ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ШАҚЫРДЫ

«Білімді ұрпақ – ел болашағының берік іргетасы» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі жаңа оқу жылының мәнін айқындай түскендей. Мұхамед Хайдар Дулати атындағы №8 мектеп-гимназияда алғашқы қоңырау соғылып, білім ордасы шәкірттерге есігін айқара ашты.

Мектеп ауласы бүгін ерекше күйге бөленді. Жүздерінде шаттық, жүректерінде толқу сезімі бар балалар мен ата-аналар сыңғыр қоңырау үніне құлақ түрді. Сахнаға шыққан мектеп түлектері қоштасар күннің де алыс еместігін сезінгендей. Биыл бұл білім ошағын 143 оқушы аяқтап, оның 14-і «Алтын белгіге» үміткер атанып отыр. Былтырғы оқу жылында 198 түлектің 25-і алтынды ақтағанын еске сала кеткен жөн.

Салтанатты жиын барысында ұстаздар ұжымы биылғы білім сапарына сәттілік тіледі. Ал алғашқы рет мектептің табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің толқуын айтсаңызшы! Биыл 111 жаңа оқушы 5-сыныпқа қабылданып, өмірінің жаңа белесін бастады.

Сыңғырлаған қоңырау – тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, ұстаз бен шәкірттің, ата-ана мен қоғамның ортақ үмітін тоғыстырған үн. №8 мектеп-гимназиясы – талай шәкірттің білімге құштарлығын оятып, елге еңбегі сіңген азаматтарды тәрбиелеп келе жатқан алтын ұя.

Алғашқы қоңырау салтанаты көңілге қуаныш ұялатты. Ендігі кезек – жаңа оқу жылының биік белестерге жетелеуінде.

Жаңа оқу жылының басталуы әрқашан ерекше әрі маңызды сәт болып табылады. Бұл тек оқушылар үшін ғана емес, ұстаздар мен ата-аналар үшін де жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жауапкершіліктерді алып келеді. Әрбір қоңырау үні білім мен тәрбие жолындағы жаңа бастамаларды айқындайды. Биылғы оқу жылында мектептерде жаңа оқушылар мен «Алтын белгіге» үміткерлердің болуы, білім беру сапасының артып, оқу ордаларының алға қойған мақсаттарына жетуде үлкен рөл атқаратынын көрсетеді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта мектептердің инфрақұрылымы мен оқу процесіндегі жаңашылдықтар білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, балалардың білімге деген ынтасын арттыруда. Жаңа оқу жылы — бұл тек білім беру жолында жетістіктерге жету ғана емес, сондай-ақ әрбір оқушы мен ұстаздың алға қойған мақсаттарына бағытталған белсенді қадам болып табылады. Әрбір шәкірттің осы жаңа оқу жылында өзінің ең жоғары әлеуетіне жетуіне тілектеспіз.

 

БІЛІМ КҮНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Алдыңғы

“Ыстық нүктелер” картасына енгізілген мәселелер бойынша жиналыс өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *