Жаңалықтар

Шымкентте жаңа Салық кодексіне арналған семинар өтті

Шымкент қаласында жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті. Жиынға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ж.Нұржанов пен комитет қызметкерлері, Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры С.Адамбекова, Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С.Ешанқұлов, кәсіпкерлер қатысты.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, ведомство бизнес өкілдерімен кездесу арқылы енгізілетін жаңашылдықтар жөнінде ақпарат жеткізіп, тиісті нормалардың практикалық қолданысқа және реформаның артықшылықтарына баса мән беруде.

Комитет өкілдерінің айтуынша, маңызды өзгерістердің қатарында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған салық жеңілдіктерін сақтау мен кеңейту, оның ішінде төмендетілген мөлшерлемелер мен қосымша шегерімдер, арнайы салық режімдерінің қарапайым әрі түсінікті жүйесіне көшу (енді олардың саны – 3, есептілігі минималды), бірыңғай жер салығының күшін жою (жер пайдаланудың ерекшелігін неғұрлым икемді етіп, фермерлердің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді), қашықтан қызмет көрсетуді енгізу (мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы декларация тапсыру, есептіліктің мәртебесін қадағалау және салықтарды мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ төлеу қызметін жолға қою), ҚҚС-тың қосымша есебін сақтау тетігі, оның үлесін 80% дейін арттыру (бұл техника мен ресурстарды сатып алатын агроөндірістер үшін аса маңызды) секілді өзгерістер бар.

Семинар барысында кәсіпкерлер Салық кодексінің жаңа нормаларын тәжірибеде қолдану, жаңа мөлшерлемелер бойынша салықты есептеу, цифрлы сервистерді пайдалану тәртібі және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Спикерлер барлық сұраққа жауап беріп, жыл соңына дейін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, МКК қосымшаларында оқыту модульдері іске қосылатынын түсіндірді.

Бөлшек салық мөлшерлемесі жөнінде қатысушыларда көртеген сұрақтар көтерілуіне байланысты С.Адамбекова 2026 жылға бөлшек салық мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендету бойынша 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін тиісті шешімді қабылдау туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қалалық мәслихатқа ұсыныс енгізілгенін хабарлады.

Семинар соңын Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ж.Нұржанов «Жаңа Салық кодексінің негізгі мақсаттарының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ салық жеңілдіктері жүйесі арқылы экономиканың басымдыққа ие салаларын ынталандыру» деп аяқтады.

​Шымкенттік ХҚКО-ларда ҚР 30 жылдығына орай челлендж басталды

Алдыңғы

Шымкент қаласы қысқы маусымға толықтай дайын 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *