Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.
Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, отбасылық институттың рөлін нығайтуға және әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ проблемасы саналады. Сондықтан мемлекет деңгейінде атқарылып жатқан шаралар отбасылық институттың рөлін нығайтуға, отбасы ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға және ең бастысы – зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Осы жұмыстардың түпкі нәтижесі ретінде елімізде әйелдер мен балалардың құқығы қорғалып, олардың қоғамдағы орны мен мәртебесі нығая түседі.
Осыған байланысты осы жылдың 27 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында Шымкент қаласы аумағында «Бақытты отбасы – бақытты ел» республикалық акциясы ұйымдастырылуда.
Бұл акцияның мақсаты – тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу, әр отбасының берекесін арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған нақты іс-шараларды іске асыру. Іс-шара барысында қаланың түрлі аудандарында мамандар халықпен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған немесе соның алдын алғысы келетін азаматтарға құқықтық және психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуде. Кәсіби заңгерлер тұрғындарға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес олардың құқықтарын түсіндірсе, психологтар отбасындағы қиындықтарды еңсерудің жолдары туралы кеңес береді. Мұндай шаралар әсіресе тұрмыстық жанжалдарды болдырмауға, әйелдер мен балалардың өз құқықтарын жақсырақ білуіне ықпал етеді.
Іс-шара барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған құқықтық және психологиялық кеңес беру шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен қолданыстағы заңнамалар бойынша ақпараттар ұсынылады.
Азаматтарға әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктері, әлеуметтік көмек көрсету жолдары, арнайы орталықтарға жүгіну тәртібі түсіндіріледі. Бұл өз кезегінде әрбір отбасына қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ЭКСЖ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК СЕССИЯ ӨТТІ

Алдыңғы

В Шымкенте экспресс-тестирование на ВИЧ теперь можно пройти и дома

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *